Шымкенттік дәрігерлер мишықтағы ірі ісікті алып тастады

0
48

Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда науқас палатаға ауыстырылған, жағдайы тұрақты.


Шымкенттік дәрігерлер мишықтағы ірі ісікті алып тастады

Шымкент қаласында дәрігерлер жергілікті тұрғынға күрделі ота жасап, мишықтағы ірі ісікті алып тастады.

60 жастағы науқас ұзақ уақыт бойы басы ауырып, айналады деп шағымданып жүрген. Соңғы екі аптада жүрегі айнып, құсу және бетінің қисаюы байқалғаннан кейін бас миына МРТ тексеруі жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде мишық аймағында 5х6 см ірі көлемді ісік анықталды.

Алматы қаласының тұрғыны Шымкентке арнайы келіп, қалалық №2 ауруханаға жатқызылды. Үш күндік дайындықтан кейін науқастың миына ота жасалды.
Операцияның күрделілігі ісіктің мишықтың аса маңызды орталықтар мен күрделі жүйке талшықтары тығыз орналасқан аймағында орналасуымен байланысты болды. Бұл аймақта тыныс алу, қозғалыс үйлесімділігі және басқа да маңызды функцияларға жауап беретін құрылымдар бар. Сондықтан хирургиялық араласу жоғары дәлдікті, тәжірибені және заманауи нейрохирургиялық әдістерді талап етті.
Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда науқас палатаға ауыстырылған, жағдайы тұрақты. Басының айналуы мен ауыруы, жүрегінің айнуы басылған.
Науқас 5-6 күннен кейін үйіне шығарылады деп жоспарлануда.
Бөлісу