Шымкенттік дәрігерлер Литвада біліктілігін арттырды

0
63


Шымкенттік дәрігерлер Литвада біліктілігін арттырды

Шымкент қаласының медицина мамандары Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің Каунас клиникасында біліктілік арттырып келді.

Оқыту бағдарламасы акушерлік, неонатология, хирургия, онкология, анестезиология және реанимация бағыттарын қамтыды.

Бағдарлама барысында 33 дәрігер теориялық дәрістермен қатар клиникалық бөлімшелерде іс-тәжірибеден өтіп, заманауи халықаралық емдеу әдістерін меңгерді.
Мамандар клиникаларда акушерлік шұғыл көмек, неонатология қарқынды терапиясы, анестезиология және реаниматология, торакальды және эндовидеолапароскопиялық хирургия, онкологиялық ауруларға ерте диагностика жасау және паллиативті көмек, сондай-ақ, нейрохирургия бағыттары бойынша біліктілік арттырды.
Литвадағы оқу кәсіби білімді тереңдетуге, халықаралық деңгейдегі тәжірибені арттыруға және еуропалық медициналық қызмет көрсету стандарттарымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе өңірдегі медициналық қызметтің сапасын арттыру мен тиімділігін жоғарылатуға оң ықпал етеді.
Бөлісу