Құрлық әскерлері еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауда маңызды рөл атқарады.
Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы 10 шақырымдық жаппай жүгіру өткізді.
Аталған спорттық іс-шара әскери қызметшілердің дене дайындығын шыңдауға және ұжымдық бірлікті арттыруға бағытталды.
Жүгіру басталар алдында әскери бөлім командирі, подполковник Сергей Бибулатов жеке құрамға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, ортақ іске қосып жүрген үлестері үшін ризашылығын білдірді.
Жүгіру барысында әскери қызметшілер жоғары төзімділік пен тәртіптілікті көрсетіп, бір сапта, бір мақсат жолында ұйымшылдықпен қимылдады. Қатысушылар үшін бұл тек спорттық жарыс емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты нығайтатын маңызды шара болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жаппай жүгірулер салауатты өмір салтын насихаттауға, дене дайындығын нығайтуға және әскери ұжымдағы өзара қолдау мен сенімді арттыруға ықпал етеді. Ортақ мақсат жолында біріге отырып, жауынгерлер берік командалық рух пен жоғары жауапкершілікті паш етті.
Құрлық әскерлері еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығын арттырып қана қоймай, олардың рухани және физикалық тұрғыдан шыңдалуына мүмкіндік береді.


