​ШЫМКЕНТТЕ ЖИТС-ПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА АЛЛЕЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
89

«Өмір аллеясының» ашылуы ЖИТС орталығы басшылығының бастамасымен, «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен және Жаһандық қордың қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылды.


​ШЫМКЕНТТЕ ЖИТС-ПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА АЛЛЕЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Шымкент қалалық ЖИТС орталығында «Өмір аллеясы» ашылды. Әлеуметтік маңызды бұл іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Аллеяның мәрмәр белгісінің ашылу рәсімін Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер С. Жексенбаев және «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің координаторы С.Ширяев жүргізді. Іс-шара аясында қатысушылар қарағай көшеттерін отырғызды.
«Өмір аллеясының» ашылуы ЖИТС орталығы басшылығының бастамасымен, «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен және Жаһандық қордың қаржыландыруы негізінде жүзеге асырылды. Егілген әр ағаш жай ғана көгалдандыру элементі емес, аллеяға үміт пен тұрақтылықтың мағынасын береді, сондай-ақ, қиындықтарға қарамастан өмірдің жалғаса беретінін көрсетеді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 94 пайыздық статустағы науқастарда вирустық супрессияға қол жеткізілді. Жүкті әйелдерде АИТВ-инфекциясын дер кезінде анықтау және анадан балаға берілуінің алдын алу шаралары нәтиже беріп, Шымкентте бүгінге дейін осындай статусты аналардан денсаулығы қалыпты 620 сәби дүниеге келді.
Бөлісу