​ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ПЕН ҚОҚЫС ТАСТАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАРСЫ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

0
69

Тұрғындар өз кезегінде, берілген ескертуге сәйкес, заңға сай әрекет етіп, құрылыс нысандарын бұзып, қалдықтарды жинау жұмыстарын жүргізді.


​ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ПЕН ҚОҚЫС ТАСТАУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАРСЫ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының аумағында заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізу мен көпқабатты үйлердің аулаларында құрылыс қалдықтарын тастау мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл мақсатта Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Рейд нәтижесінде, Әл-Фараби ауданының Қарасу шағынауданында бірнеше заңсыз құрылыс фактілері анықталды. Атап айтқанда, №65 көпқабатты үйдің тұрғындары рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп, құрылыс қалдықтарын аулаға тастаған. Аудан әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері аталған тұрғындарға заңсыз әрекеттерін тоқтату керектігі туралы ескерту жасап, аумақты ретке келтіру бойынша міндеттемелер жүктеді.
Тұрғындар өз кезегінде, берілген ескертуге сәйкес, заңға сай әрекет етіп, құрылыс нысандарын бұзып, қалдықтарды жинау жұмыстарын жүргізді. Бұл жағдай қала тұрғындарын өз аумақтарын абаттандыруға және заңсыз құрылыс жүргізуден бас тартуға шақырады.
Шымкент қаласының әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын қандай да бір заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізбеуге, аумақты таза әрі ретке келтіруге шақырады.
Бөлісу