​ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

0
72

«Таза Қазақстан» акциясы аясында рұқсат етілмеген 18 қоқыс орны анықталған.


​ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті заңсыз қоқыс орындарын жою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қаратау ауданында арнайы пресс-тур ұйымдастырылды.

Іс-шара Бозарық елдімекенінде өтті. Пресс-тур барысында рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқыс алаңы толық тазартылып, оған 6 арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызмет мамандары аумақты ретке келтіріп, қоршаған ортаға келтірілген зиянның алдын алу шараларын атқарды.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылып, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және заңсыз қоқыс орындарының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Сапар Тұрсынбеков атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында рұқсат етілмеген 18 қоқыс орны анықталған.
— 21 сәуірден бастап ұйымдастырылған пресс-турлар барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, заңсыз қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілуде. Рейдтік шаралар кезінде тұрғындардың «Газель» автокөлігімен тұрмыстық қалдықтарды төгу фактілері анықталып, тиісті шаралар қабылданды, — деді ол.
Жалпы, аталған жұмыстар қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Бөлісу