​ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ: мерзімінен бұрын туған нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық

0
104

Қазіргі таңда салмақтары 2 келіден асты.


​ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ: мерзімінен бұрын туған нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық

Шымкент қалалық №2 аурухананың перзентханасында үшем дүниеге келді. 31 жастағы Гүлбағира Өтемісқызы дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелген.

6 қаңтар күні мерзімінен бұрын туған сәбилер үш тәулік бойы реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде ем-дом мен күтімін жалғастырды.
Дәрігерлердің мәліметі бойынша, үшемнің жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі таңда салмақтары 2 келіден асты.
Айта кетейік, бұл отбасыда бұған дейін туған 4 бала бар. Анасы – декреттік демалыста, ал әкесі құрылыс саласында еңбек етеді.
Бөлісу