Шымкентте ұлттық би өнерін дәріптеген «ҚАЗЫНА» ансамблінің шығармашылық концерті өтті

0
69

35 жылдан астам тарихы бар «Қазына» ансамблі - еліміздің мәдениет кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, халықаралық аренада кеңінен танылған шығармашылық ұжым.


Шымкентте ұлттық би өнерін дәріптеген «ҚАЗЫНА» ансамблінің шығармашылық концерті өтті

Шымкент қаласында өткен «Қанатты қазына» шығармашылық концерті ұлттық би өнерінің көркемдік қуатын, хореографиядағы үздік дәстүр мен кәсіби шеберліктің тұтастығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Шымкент концерт» концерттік ұйымына қарасты «Қазына» халық би ансамблі көрерменге жаңа серпінге толы, мазмұны бай бағдарламасын ұсынып, қазақ би өнерінің ғана емес, әр түрлі ұлттың өзіне тән болмысын би арқылы суреттеді.

35 жылдан астам тарихы бар «Қазына» ансамблі - еліміздің мәдениет кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, халықаралық аренада кеңінен танылған шығармашылық ұжым. Ансамбль өнерпаздары 52-ден аса ірі халықаралық байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Сонымен қатар 50-ден астам елде мәдени іссапарда болып, Қазақстан атынан ұлттық би өнерін таныстырып жүр. Ел ішіндегі және әлемдік деңгейдегі осы жетістіктер ұжымның кәсіби деңгейінің жоғары екенін айқын көрсетеді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, бас балетмейстер Зауре Әжібекова. Ал ұжымның ұйымдастырушылық жұмыстарын бүгінде тәжірибелі администратор Ли Роман басқарады. Концертке келген көрермен алдымен фойеде ұйымдастырылған тарихи фотокөрмені тамашалады. Онда ансамбльдің әр жылдардағы елеулі сәттері, халықаралық сапарлары мен шығармашылық белестері көрініс тапқан.
Бөлісу