Шымкентте тыныс жолы тарылған 63 жастағы науқас аман қалды

0
119


Шымкентте тыныс жолы тарылған 63 жастағы науқас аман қалды

Шымкент қалалық онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханада кезекті күрделі ота сәтті атқарылды.

Аурухана дәрігерлері кардиохирурогтермен бірлесе көкірек қуысы ісігі диагнозымен түскен 63 жастағы науқастың өміріне араша түсті.

Ісік өте көлемді болғандықтан, тіпті кеуде қуысы тамырлары мен кеңірдекке ұласып, науқастың тыныс жолын бітеп тастаған. Мамандардың шұғыл шешімі мен біліктілігінің нәтижесінде науқастың беті бері қарап, жуырда үйіне шығару жоспарлануда.
Бөлісу