Шымкентте туристік контент жасауға бағытталған мастер-класс өтуде

0
108


 Шымкентте туристік контент жасауға бағытталған мастер-класс өтуде

Шымкентте қаланың туристік тартымдылығын арттыру және контент-мейкерлерді қолдау мақсатында арнайы мастер-класс ұйымдастырылды.

Іс-шара маусымның 9-ы мен 11-і аралығында «Shymkent Creative Hub» ғимаратында өтіп жатыр.

Мастер-кластың алғашқы күні 30-дан астам қатысушы — видеографтар мен тревел-блогерлер — кәсіби маман Әділет Рахметолланың шеберлік сабағына қатысып, заманауи контент жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгеруде.
Үш күнге жоспарланған бағдарлама аясында қатысушылар туризм саласына арналған креативті контент әзірлеудің заманауи тәсілдерін үйренеді. Сонымен бірге практикалық сабақтарда туристік нысандарды бейнетаспаға түсіру мен контентті өңдеу машықтарын жетілдіреді.
Іс-шараның басты мақсаты – қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби контент жасау құралдарымен қамтамасыз ету және Шымкент қаласының туристік имиджін нығайту.
Бөлісу