Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен М. Тынышбаев атындағы ALT көлік колледжінде жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті.
«Адал ұрпақ – әділетті қоғам негізі» тақырыбында өткен жиынның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық құндылықтарын дәріптеу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Кездесуге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Атамбаев Қайрат Даниярбекұлы қатысып, тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды.


