Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы пәтерлер берілуде

0
67

Жыл басынан бері қала аумағында барлығы 235 пәтер бөлінсе, оның 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды.


Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы пәтерлер берілуде

Тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз ету – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Осы мақсатта жалдамалы тұрғын үй бөлу жұмыстары белгіленген талаптар мен бекітілген тізімге сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері қала аумағында барлығы 235 пәтер бөлінсе, оның 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Бұл шара баспанаға мұқтаж тұрғындарды әлеуметтік қолдау және олардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.
Жалдамалы тұрғын үйді бөлу процесі ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтай отырып жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге басымдық берілуде.
Бөлісу