Полиция өкілдері мұндай шешімдердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен, қала прокуратурасымен бірлесіп, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында мейрамхана иелері мен шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтті.
Кездесу барысында мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарында бейнебақылау жүйелерін орнату және оларды заманауи цифрлық платформаларға қосу мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, бейнекамераларды «Қазақтелеком» АҚ-ның бұлтты бейнебақылау қызметі арқылы біріктіру мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл жүйе бейнематериалдарды белгілі бір уақыт аралығында серверде сақтауға, қажет болған жағдайда жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Полиция өкілдері мұндай шешімдердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және орын алған оқиғаларды жедел ашуда тиімді екенін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге бейнебақылау жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу және оларды бірыңғай жүйеге қосу бойынша ұсыныстар берілді.
Полиция департаменті тарапынан қоғамдық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.


