Ал жақын күндері Арбат маңында тағы бір мұз айдынын ашу жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Осы аптада Астана алаңында қала тарихында алғаш рет ашық мұз айдыны пайдалануға берілген болатын. Ал бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағы екі мұз аренасы ашылды.
Оның бірі сол Астана алаңында болса, екіншісі «Мұз сарайының» жанында орналасқан.
Ал жақын күндері Арбат маңында тағы бір мұз айдынын ашу жоспарланып отыр. Бұл алаңдар көпшіліктің қыс мезгілін белсенді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, жайлы қысқы демалыс аймақтарын құру бастамасы қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – мегаполис тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы қысқы демалыс ұйымдастыру.
Барлық айдын қауіпсіздік талаптарына сай: мұздың сапасы жақсы, заманауи жарықтандыру орнатылған, демалыс аймақтары мен коньки жалға беру қарастырылған. Өз конькиімен келген тұрғындар тегін сырғанай алады, ал қалған азаматтар конькиді жалға алуына болады.
Ал келушілерге қауіпсіздік ережелерін сақтап, жабдықтарға ұқыпты қарауды сұраймыз.


