Жыл басынан бері Шымкент қаласында 4 911 сәби дүниеге келген.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» күні аясында қаладағы жаңа босанған аналарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік іс-шара қаладағы төрт перзентханада бір уақытта өткізілді. Бұл шара аналар мен сәбилерге деген құрмет пен мейірімнің айрықша көрінісі болып отыр.
Мерекелік күні медициналық қызметкерлер аналарды құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Аталмыш шара тек мерекелік іс-шара болып қана қоймай, аналарға көрсетілген шынайы құрметтің айқын дәлелі болды.
Айта кетейік, «Шаңырақ» күніне орай қаладағы барлық төрт перзентханада аналарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен сыйлықтар табыс етілді.
Жыл басынан бері Шымкент қаласында 4 911 сәби дүниеге келді. Оның 2 493-і ұл, 2 418-і қыз. Әрбір жаңа туған нәресте – бір отбасының қуанышы, бір шаңырақтың шаттығы.


