​Шымкентте полицейлер мұздай суға түсіп кеткен марғауларды құтқарып қалды

0
63

Әсерлі сәт полиция бейнежетонына түскен


​Шымкентте полицейлер мұздай суға түсіп кеткен марғауларды құтқарып қалды

Шымкентте патрульдік полиция инспекторларының жұмыс күні нағыз құтқару операциясына ұласты. Жергілікті тұрғын суға екі кішкентай мысық салынған қораптың құлап кеткенін байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен Нұрсұлтан Тұрсынбек пен Мұхтархан Заманбай еш ойланбастан өзенге түсіп, мұздай ағыстан әлсіреп қалған титімдей жануарларды алып шықты. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында олар аман қалды.
Құтқару сәті қызметкерлердің бейнежетонына жазылып қалған. Кадрлардан бұл тек қызметтік міндетті орындау ғана емес, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың көрінісі екенін байқауға болады.
Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің тек қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын созатынын тағы бір рет дәлелдеді.
Бөлісу