Шымкентте перзентханада көз жұмған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
102

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіп жатыр.


Шымкентте перзентханада көз жұмған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Шымкенттегі перзентханада көз жұмған 28 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Skifnews.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіп жатыр.

“Әйел көз жұмған медициналық мекемеде денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Тергеудің мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген полиция хабарламасында.