Шымкентте өрт оқиғалары 33%-ға азайды

0
75

Жылыту маусымы барысында қала аумағындағы 98 мыңнан астам тұрғын үй араланып, 200 мыңнан астам тұрғынға улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді.


Шымкентте өрт оқиғалары 33%-ға азайды

Шымкент қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы шығарылды. Ресми деректерге сәйкес, биыл өрт оқиғалары мен зардап шеккендер саны айтарлықтай төмендеген.

Мамандардың мәліметінше, қаладағы өрттердің шамамен 80 пайызы тұрғын үй секторында тіркеледі. Осыған байланысты өткен жылдың тамыз айында бекітілген арнайы жоспар аясында кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде, өрт саны 109-дан 73 жағдайға дейін азайып, 33 пайызға төмендеді. Сонымен қатар жарақат алғандар саны 11 адамнан 2 адамға дейін қысқарып, көрсеткіш 5,5 есеге кеміген.
Жылыту маусымы барысында қала аумағындағы 98 мыңнан астам тұрғын үй араланып, 200 мыңнан астам тұрғынға улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы 1 073 отбасы ерекше бақылауға алынып, олардың үйлеріне газ анықтағыш құрылғылар орнатылды және мұржалар тазартылды.
Сондай-ақ мектептер мен театрларда балаларға арналған 270-ке жуық танымдық іс-шара ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Бөлісу