Шымкентте оқушыларға арналған оқу-дала жиыны жалғасуда

0
53

Жиын барысында оқушылар командалық рухты нығайтып, тәртіп пен ұйымшылдықтың маңызын тәжірибе жүзінде меңгеруде.


Шымкентте оқушыларға арналған оқу-дала жиыны жалғасуда

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиынының екінші күні өтті.

Ауқымды шара Ақтас оқу-жаттығу базасында ұйымдастырылып, қаладағы 5 аудан оқушыларын кезең-кезеңімен қамтуды көздейді. Жалпы жиын 5 күнге жоспарланған.

Бүгін Әл-Фараби ауданының оқушылары әскери тәртіпке жақындатылған күн режимі бойынша дайындықтан өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер бойында патриоттық сана, жауапкершілік пен тәртіп дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ әскери қызметке дайындау.
Оқу барысында оқушылар саптық дайындық, тактикалық іс-қимыл, дене шынықтыру және қорғаныс негіздері бойынша білім алып, тәжірибелік машықтарын жетілдіруде. Сонымен қатар АК-74 қаруын бөлшектеу-жинау, нысана көздеу, жергілікті жерде бағдарлау және қорғаныс құралдарын қолдану тәсілдері үйретілуде.
Қатысушылардың бірі, Т.Рысқұлов атындағы №22 мектептің 10-сынып оқушысы Рүстембек Бәйдібек оқу-жаттығу барысында әскери өмірге жақын жағдайды сезінгенін атап өтті.
Жиын барысында оқушылар командалық рухты нығайтып, тәртіп пен ұйымшылдықтың маңызын тәжірибе жүзінде меңгеруде. Іс-шара алдағы күндері өзге аудандарда да жалғасады. Қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталады.
Бөлісу