Шымкентте «Мен – Сіздің учаскелік полиция инспекторымын» акциясы өтуде

0
68

Акцияның басты міндеті –қоғамдық тәртіпті сақтау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Шымкентте «Мен – Сіздің учаскелік полиция инспекторымын» акциясы өтуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес «Мен – Сіздің учаскелік полиция инспекторымын» атты профилактикалық акциясы өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың өз учаскелік полиция инспекторын танып-білуін қамтамасыз ету, халықпен тікелей және сенімді байланыс орнату, сондай-ақ құқық бұзушылық орын алған жағдайда жедел хабарласу мүмкіндігін арттыру.
Акция аясында учаскелік полиция инспекторлары тұрғын үйлерді аралап, өздерін таныстырып, қызметтік байланыс нөмірлерін қалдыруда. Сонымен қатар, тұрғындармен кері байланысты күшейту мақсатында аумақтық чаттарға қосылып, халықпен тұрақты қарым-қатынас орнатуда.
Бұдан бөлек, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында әкімшілік аумақты ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен бақылау жүзеге асырылуда.
Акцияның басты міндеті –қоғамдық тәртіпті сақтау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бөлісу