Шымкентте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы арнайы семинар өтті

0
70

Іс-шараны қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырды.


Шымкентте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы арнайы семинар өтті

Шымкент қаласында «Мемлекеттік тілдің мәртебесі және қоғамдық орындардағы міндеттілік» атты семинар өтті.

Іс-шараны қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты – кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң талаптарын түсіндіру, фискалдық чектерді мемлекеттік тілде шығару ісін қамтамасыз ету, сондай-ақ көрнекі ақпарат құралдарын, жарнама, маңдайша, баға көрсеткішін талапқа сай рәсімдеуді үйрету болды.

А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында өткен жиынға тіл саласының мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, жарнама агенттіктері және БАҚ өкілдері қатысты. Семинар барысында заң талаптарын сақтамаудан туындайтын мәселелер талқыланып, жарнама агенттіктері мен кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық орнату жайы сөз болды. Сонымен қатар, жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, республикалық маңызы бар қалаларда маңдайша мәтіндерін тіркеу және рұқсат беру рәсімдері қарастырылатыны айтылды.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қазақ тілі мұғалімі Айткүл Жұмабаева қостілділік мәдениеті, дұрыс аударма мен мазмұн сәйкестігі мәселелеріне тоқталып, калька аудармалардың тіліміздің табиғи болмысына нұқсан келтіріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруді ең алдымен жарнама мен маңдайшадан бастау қажет деген пікір де айтылды. Семинар соңында қатысушыларға әдістемелік көмек ретінде электронды түрде «Тағам атауларының сөздігі» кітабы таратылды. Іс-шара нәтижесінде заң талаптарын түсіндіру жұмыстары күшейіп, кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктері арасындағы өзара ынтымақтастық нығая түсті.
Бөлісу