Шымкентте MASTERSKILLS республикалық конкурсы басталды

0
118

Конкурс кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.


Шымкентте MASTERSKILLS республикалық конкурсы басталды

Шымкент қаласында сервис және қызмет көрсету саласының «Сән технологиясы» бағыты бойынша педагогтер арасында MasterSkills республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті.

Байқау педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға және сән технологиясы саласындағы озық тәжірибелерді дамытуға бағытталған. Іс-шарада TALAP коммерциялық емес акционерлік қоғамы вице-президенті Бақытжан Биекова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Оның айтуынша, конкурс шығармашылық пен инновацияны ұштастыратын маңызды алаң.
Сонымен қатар, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі өкілі Меруерт Бекманова байқаудың 5 модульден тұратынын атап өтті. Қатысушылар теориялық тест тапсырып, кейін әйелдерге арналған маусымдық тренч үлгісін әзірлеу бойынша практикалық тапсырмаларды орындайды. Соңғы кезеңде олар 15 сағат ішінде дайын бұйым тігіп шығуы тиіс.
Жалпы, конкурс кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бөлісу