Шымкентте МӘМС жүйесінің қолжетімділігі және медициналық қызмет көрсету аясы кеңейуде

0
74

МӘМС – әлеуметтік жоба, жинақтаушы жүйе емес. Сондықтан сақтандырылған әрбір азамат көрсетілген жарна көлеміне қарамастан қажетті медициналық көмекті толық алады. Қор МӘМС аясында түскен қаражатты ай сайын медициналық ұйымдарға көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес төлеп отырады, бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.


Шымкентте МӘМС жүйесінің қолжетімділігі және медициналық қызмет көрсету аясы кеңейуде

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін едәуір арттырды.

МӘМС – әлеуметтік жоба, жинақтаушы жүйе емес. Сондықтан сақтандырылған әрбір азамат көрсетілген жарна көлеміне қарамастан қажетті медициналық көмекті толық алады. Қалада бүгінде 177 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді, оның 34-і мемлекеттік, 143-і жекеменшік медициналық мекемелер. Қор МӘМС аясында түскен қаражатты ай сайын медициналық ұйымдарға көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес төлеп отырады, бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, қала стационарларында 258 112 пациент емделген. Оның 30 231-і – ТМККК шеңберінде, ал қалған негізгі бөлігі МӘМС пакеті есебінен ем қабылдады. Күндізгі стационарда 31 мыңға жуық адам қызмет алды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытында 155 мыңнан астам азаматқа 83 нозология бойынша тегін дәрілік препараттар берілді.
Сонымен қатар, МӘМС есебінен консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігі кеңейді: биылғы 9 айда 6,5 миллионға жуық зерттеу мен консультация жүргізілді.
Бөлісу