Шымкентте құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен баланы аман алып шықты

0
115

Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ.


Шымкентте құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен баланы аман алып шықты

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кәріз құдығына түсіп кеткен баланы құтқарып қалды, деп жазады BAQ.KZ.

Оқиға 9 мамыр күні Абай ауданы, Хантәңір көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. 2016 жылы туған бала аулада доппен ойнап жүріп, абайсызда кәріз шұңқырына түсіп кеткен. Су өткізу құбырының ішінде оның аяғы қыстырылып, өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен баланың аяғын құбырдан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға және ауладағы ашық шұңқырлар мен қауіпті аймақтарға ерекше назар аударуға кеңес береді.