Шымкентте көпбалалы отбасының үйі толық жөндеуден өтті

0
32

Отбасы тұратын үй толықтай жөндеуден өткізіліп, тұрғын үйдің жылу тиімділігін арттыру мақсатында жаңа жылу жүйесі орнатылды. Бұл қыс мезгілінде балалардың жайлы әрі жылы үйде тұруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отбасының тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілді.


Шымкентте көпбалалы отбасының үйі толық жөндеуден өтті

«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолдаған өтініш өз шешімін тапты. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ананың үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Азаматтың тұрғын үйін жөндеуден өткізу және кешенді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі өтініші назардан тыс қалмады. Партияның қолдауымен мәселені шешу бағытында дереу нақты жұмыстар атқарылды. Бұл – «AMANAT» партиясының халыққа жақындығын және әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді.

Нәтижесінде, мәслихат депутаты, фракция мүшесі Лазиз Сулайманов көпбалалы ананың отбасына жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетті. Отбасы тұратын үй толықтай жөндеуден өткізіліп, тұрғын үйдің жылу тиімділігін арттыру мақсатында жаңа жылу жүйесі орнатылды. Бұл қыс мезгілінде балалардың жайлы әрі жылы үйде тұруына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, отбасының тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін қажетті жиһаздармен толық қамтамасыз етілді.

Депутат Лазиз Сулайманов отбасының жеті баласына арнап арнайы сыйлықтар дайындады. Ол балаларға төрт мезгілге сай жаңа киім-кешектер және күнделікті тұрмыста қажет болатын керек-жарақтар алып беріп, отбасы мүшелеріне үлкен қуаныш сыйлады.

Бұл игі іс – «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында атқарылып жатқан нақты жұмыстардың айқын мысалы. Аталған жоба отбасы институтын нығайтуға, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдауға, сондай-ақ қоғамдағы өзара қамқорлық пен мейірімділік қағидаларын арттыруға бағытталған.

«AMANAT» партиясы әрбір тұрғынның өтінішін назардан тыс қалдырмай, олардың мәселесінің нақты шешімін табуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Мұндай жеке бастамалар халықтың партияға деген сенімін арттырып, әлеуметтік әділдікті ілгерілетуге ықпал етеді.

Бөлісу