Шымкентте қоқыс төккен азамат жауапқа тартылды

0
73

Аудан әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құрылыс және тұрмыс қалдығын рұқсат етілмеген жерге қалдырмау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуде.


Шымкентте қоқыс төккен азамат жауапқа тартылды

Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен санитарлық тазалықты сақтау жұмысы жалғасуда. Осының аясында Еңбекші аудандық әкімдігі мен полиция басқармасының қызметкерлері Базарқапа тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінің жағалауына жүк көлігімен құрылыс қалдығын заңсыз төгу фактісін анықтады.

Жедел іс-шара нәтижесінде құқық бұзушы анықталды, оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Оған қоса, төккен қалдықты өзі тазалады.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құрылыс және тұрмыс қалдығын рұқсат етілмеген жерге қалдырмау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, дрон арқылы өзен жағалауы мен жасыл желектерге бақылау жасалып, заң бұзушылық деректері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдануда.

Қала аумағында қоқыс немесе құрылыс қалдығын белгіленбеген жерге төккен тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу