Шымкентте көктемгі дезинфекция басталды

0
71

Бұл жұмыстар жылына 2 рет, көктем және күз мезгілінде жүргізіледі.


Шымкентте көктемгі дезинфекция басталды

Шымкент қаласында «Ветеринариялық қызмет» мекемесі кенеге қарсы күрес шараларының бірінші кезеңін бастады. Оның аясында қора-жайлар мен буферлік аумақтарда залалсыздандыру қолға алынған.

Бұл жұмыстар жылына 2 рет, көктем және күз мезгілінде жүргізіледі. Кенелер мен басқа да жәндіктердің көбеюін алдын алуға 18 дезинфектор маман, 6 арнайы техника жұмылдырылған.
Бұл жұмыс ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын, арнайы қорасы бар үйлерге тегін жүргізіледі.
Сонымен қатар, залалсыздандыру аясында 74 850 бас ірі қара малды бүркуге, 77 660 бас уақ малды тоғытуға, 2 325 750 ш.м қора-жай мен жапсарлас аумақтарға, 2 311 161 ш.м саябақтар мен гүлзарларға арнайы химиялық препарат қолданылады.
Айта кетейік, Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасы – қауіпті жұқпалы ауру. Ол адамға кене шаққанда, қанға тойған кенелердің қаны адамның шырышты қабығына немесе терісіне тиген (малдағы кенені тазалаған, қолмен алып тастаған немесе малдың жүнін қырқу кезінде) кезінде жұғуы мүмкін.
Осыған орай қала тұрғындарынан сақтық шараларын ұстануды және ауласы мен қора-қопсыны таза ұстап, қи-қоқыстан тазалауды сұраймыз.
Бөлісу