​Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік цифрлық технологиялар арқылы күшейтілуде

0
119

«Smart участкелік» және «Цифрлы участкелік» жобалары аясында оқыту-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


​Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік цифрлық технологиялар арқылы күшейтілуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінде прокуратурамен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша арнайы жиын өтті.

Кездесу барысында қала аумағындағы инфрақұрылым нысандарынан, кәсіпкерлік субъектілерінен және өзге де мекемелерден бейнебақылау камераларын Жедел басқару орталығына шығару мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, бейнекамераларды «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, бұлтты бейнебақылау жүйесі арқылы біріктіру мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл жүйе бейнематериалдарды серверде сақтау және қажет болған жағдайда жедел қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жиын барысында «Smart участкелік» және «Цифрлы участкелік» жобалары аясында оқыту-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жобалар учаскелік полиция инспекторларының қызметін цифрландыруға, жедел әрекет ету мүмкіндіктерін арттыруға және тұрғындармен өзара байланысты нығайтуға бағытталған.
Аталған шараның мақсаты – цифрлық технологияларды енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жедел ашу.
Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы цифрлық жобаларды одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастырады.
Бөлісу