Шымкентте Кен Баба саябағы жапон стилінде жаңғырады

0
87

Саябақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналады.


Шымкентте Кен Баба саябағы жапон стилінде жаңғырады

Шымкент қаласындағы ең көне демалыс орындарының бірі – «Кен Баба» саябағы алдағы уақытта жаңа кейіпке енбек.

Демалыс аймағына жататын бұл нысан тек қоғамдық кеңістік ретінде пайдаланылып, қала тұрғындарының игілігіне қызмет етеді.

Жоспарға сәйкес, саябақ жапон бағы стилінде қайта жасақталады. Мұнда серуендеуге, спортпен айналысуға және демалуға барлық жағдай қарастырылып, тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастырылады.
Жаңартылған «Кен Баба» саябағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналып, Шымкенттің көркін одан әрі арттыра түседі.
Бөлісу