Шымкентте кәсіпкерлік пен инфрақұрылым нысандарының жұмысы зерделенді

0
93

Мердігер ұйымға жұмыс сапасын қамтамасыз ету, белгіленген мерзімдерді сақтау және аумақты абаттандыруға ерекше назар аудару тапсырылды.


Шымкентте кәсіпкерлік пен инфрақұрылым нысандарының жұмысы зерделенді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында нан және кондитерлік жабдық өндіруге маманданған «KazEuroTech» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Кәсіпорын өнімдерін ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жеткізеді. Сондай-ақ премиум санаттағы металл қақпалар шығаратын «Арт Груп» ЖК-нің өндірістік цехтарының жұмысыменде танысты. Мұнда жылына шамамен 350 дана өнім өндіріледі, 19 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек, шаһар басшысы кондитерлік өнімдер өндіретін «Shymqala bakery» ЖК-да болды. Кәсіпорынның жылдық өндіріс көлемі 200 тоннаны құрайды, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жауапты тұлғаларға кәсіпорындардың өндіріс көлемін кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Қаратау ауданында бұрын өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы орналасқан ғимаратқа барды. Қазіргі таңда нысан күрделі жөндеуден өтуде, осы кезеңде мұнда қалалық №3 аурухана уақытша орналастырылған. Медициналық мекеменің жұмыс жағдайымен, пациенттерді қабылдауды ұйымдастырумен және халыққа медициналық көмек көрсетуге арналған инфрақұрылымымен танысты.
Сонымен қатар Тұран ауданындағы «Қазығұрт» 220/110/6 кВ электр қосалқы станциясында үшінші автотрансформатор орнату бойынша құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелді.
Сондай-ақ «Көгершін» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің протездік-ортопедиялық орталығының қызметімен танысты. Мұнда жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарға арналған протездер мен ортопедиялық бұйымдар дайындалып, есту протездеу және стоматологиялық қызметтер көрсетіледі.
Аралау қорытындысында Тәуке хан даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында салынып жатқан балалар және спорт алаңдарының құрылысы тексерілді. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Аумағында шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ балалар демалысына арналған аймақтар қарастырылған. Мердігер ұйымға жұмыс сапасын қамтамасыз ету, белгіленген мерзімдерді сақтау және аумақты абаттандыруға ерекше назар аудару тапсырылды.
Бөлісу