Шымкентте кәріз шұңқырына құлап кеткен 6 жасар баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты

0
166

Қайғылы оқиға сәуір айында болды.


Шымкентте кәріз шұңқырына құлап кеткен 6 жасар баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Шымкентте алты жасар баланың қайғылы қазасы бойынша үкім шығарылды, деп жазады Stan.kz.


Қайғылы оқиға сәуір айында болды. Алты жасар Айдын Сәуірбай кешкі серуенге шығып, жоғалып кетіп, денесі ағынды суға толы шұңқырдан табылған. Ал шұңқыр құбыр жарылған кезде қазылып, сол күйі жаыблмай, ашық қалып кеткен Уақыт өте келе шұңқырға су жиналып қалған. Бала шұңқырға құлап, шыға алмай, суға батып көз жұмған.

Нәтижесінде сот жұмысты жүргізген құрылыс компаниясының басшысын кінәлі деп тапты. 44 жастағы ер адам құрылыс ережелерін бұзып, өлімге әкелгені үшін сотталды.

Мердігердің басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, рақымшылық бойынша жаза мерзімі он сегіз айға дейін қысқартылды. Оған үш жылға құрылыспен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Ол қайтыс болған баланың ата-анасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

"Біз сот заңды және негізді шешім шығарды деп санаймыз. Бұл мысал барлық құрылыс компанияларының басшыларына сабақ болуы тиіс. Біз сот шешімімен келісеміз, себебі клиентім Асқар Мыржанның азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды. Ол апелляциялық шағым түсірмейді", – деді жәбірленушінің адвокаты Шынар Ермекова.