Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері заңсыз пайдаланылып, тиісті құжаттар рәсімделмей құрылыс жүргізілгені бұл нысандардың меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шымкент қаласында Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшелері қиылысындағы үйге жапсарлас орналасқан ұялы телефондар сатылатын және жөнделетін 2 нысанға Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тексеру жүргізілді.
Нәтижесінде мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері заңсыз пайдаланылып, тиісті құжаттар рәсімделмей құрылыс жүргізілгені бұл нысандардың меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқарма тарапынан сотқа бұзу туралы талап-арыз беріліп, соттың шешімімен құрылыс нысандары заңсыз деп танылды, қазіргі таңда бұзылуда.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қала тұрғындарына құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Заң талаптары сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.


