​Шымкентте есірткі тасымалдаған ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0
196

Күдікті есірткі заттарын интернет-мессенджер арқылы таратып, ақысын электронды төлем жүйелері арқылы алып отырған.


​Шымкентте есірткі тасымалдаған ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

фото: Шымкент ПД жариялаған видеодан скриншот

Шымкентте есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз өткізумен айналысқан күдіктіні ұстады.

Тексеру кезінде ер адамнан таратуға дайындалған ұнтақ түріндегі зат салынған орамалар тәркіленді.Күдіктінің уақытша тұрып жатқан мекенжайына жүргізілген тінту барысында психотроптық заттардың қосымша партиялары және оларды бөліп-орауға арналған құралдар табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 250 грамнан асты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті есірткі заттарын интернет-мессенджер арқылы таратып, ақысын электронды төлем жүйелері арқылы алып отырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған жайт бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.Полиция есірткі заттарын заңсыз өткізу үшін заңнамада ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.


Бөлісу