​Шымкентте есірткі таратумен айналысқандар ұсталды

0
48

Тексеру кезінде олардан 70 дана психотроптық зат салынған орамалар тәркіленді.


​Шымкентте есірткі таратумен айналысқандар ұсталды

Шымкент қаласында едел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 5 қаңтарда Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі құралдарын өткізумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында одан жасырын орындарға орналастыруға арналған 37 орама есірткі заты тәркіленді.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тарту мәселесі өзекті болып отыр. Қала аумағында есірткі құралдарын таратумен айналысқан екі кәмелетке толмаған ұсталды. Тексеру кезінде олардан 70 дана психотроптық зат салынған орамалар тәркіленді. Сондай-ақ олардың уақытша тұратын мекенжайынан тыйым салынған заттары бар тағы 4 пакет табылды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске салып, ата-аналарды балаларын есірткі ортасына тартудың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтуге шақырады.
Бөлісу