Шымкент қаласындағы барлық мектептерде апта сайын ата-аналар жиналысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрметті, ата-аналар!
Ата-ана мен ұстаз арасындағы байланысты жақсарту мақсатында енді аптасына бір рет Шымкент қаласындағы барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар жиналысы өтеді.
Сондай-ақ, ертең, яғни қаңтардың 19 күні сағат 10:00 Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты барлық білім беру мекемелерінде «Кәмелетке толмаған дар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы болады.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
