Діни толеранттылықты қалыптастыру, этносаралық татулықты сақтау және зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйі ғимаратында Шымкент қаласы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер мен этнос өкілдерінің қатысуымен семинар-конференция өтті.
Іс-шара барысында басқарма басшысы С. Әбілхаиров құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және жастарды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан жүктелген дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі міндеттердің өзектілігі атап өтілді.
Семинар-конференция аясында діни толеранттылықты қалыптастыру, этносаралық татулықты сақтау және зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, діни келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажеттігі айқындалды. Қатысушылар өзара сыйластық пен түсіністік қағидаттарын ілгерілетуге бірлесіп атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.


