Шымкентте дәрігерлер 246 бүйрек трансплантациясын сәтті жасады

0
66

Тірі донорлық бүйрек трансплантациясы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін ең тиімді емдеу тәсілі.


Шымкентте дәрігерлер 246 бүйрек трансплантациясын сәтті жасады

Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасында күрделі жоғары технологиялық операция – тірі донорлық бүйрек трансплантациясы сәтті жүргізілді.

1986 жылы туған әйел азаматша өз өмірлік серігіне, 1983 жылы туған жолдасына, бір бүйрегін донор ретінде берді.
Аталған ота медицинадағы ең күрделі әрі жауапты хирургиялық араласулардың бірі болып табылады. Ол бірнеше кезеңнен тұрады және тәжірибелі трансплантологтар, хирургтар және анестезиологтардан құралған мамандар тобының қатысуымен жүргізілді.
Нәтижесінде ота сәтті өтіп, донор мен реципиент қазір емін жалғастыруда.
Тірі донорлық бүйрек трансплантациясы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін ең тиімді емдеу тәсілі. Бұл операциялар науқастың өмір сапасын жақсартып, ұзақ әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Шымкентте бүгінге дейін 246 бүйрек және 35 бауыр трансплантациясы сәтті жасалған.
Бөлісу