​Шымкентте бір күнде 51 жұп неке қиюға өтініш берді

0
71

2026 жылдың басынан бері Шымкентте 895 жұп некесін тіркеген.


​Шымкентте бір күнде 51 жұп неке қиюға өтініш берді

2026 жылғы 26 ақпанда Шымкентте 51 жұп неке қиюға өтініш беріп, отбасын құру үшін әдемі әрі «ерекше дата» – 26.02.26 күнін таңдады.

Биыл ақпан айы некеге тұруға сұранысқа ие болды. Әсіресе 26 ақпан күні қалалық АХАТ бөліміне 51 жұп өтініш тапсырған.
Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте 895 жұп некесін тіркеген. Ал 2025 жылы Шымкентте 7052 неке тіркелген. Некелесу рәсімідері салтанат залында өтті, рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сондай-ақ тұрғындар үшін салтанатты көшпелі тіркеу қызметі қолжетімді.
Айта кетейік, некені тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы – 4 235 теңге. Салтанатты тіркеу қызметі бөлек төленеді. Өтінішті АХАТ бөліміне кемінде 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да беруге болады.
Бөлісу