Мерекелік іс-шараға 300-ден астам бала қатысты.
Шымкент қаласында Жаңа жыл қарсаңында «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» тақырыбымен дәстүрлі Президент шыршасы ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға 300-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында үздік оқушылар, республикалық, қалалық және халықаралық зияткерлік, ғылыми, шығармашылық байқаулар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары болды.
Шырша мерекесіне көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да шақырылды. Қала әкімі балаларды Мемлекет басшысының атынан құттықтап, арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Жас қатысушыларға Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен театрландырылған жарқын қойылым, аниматорлар шоуы, интерактивті ойындар және думанды музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.


