​ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

0
72

Назар аударыңыз: балалардың терезеден құлау жағдайларының басым бөлігі ересектердің жеткіліксіз бақылауынан болады.


​ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкентте балалар қауіпсіздігі бойынша алдын алу шаралары күшейтілді.

Назар аударыңыз: балалардың терезеден құлау жағдайларының басым бөлігі ересектердің жеткіліксіз бақылауынан болады.

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында дыбыс зорайтқышпен жабдықталған дрон қолданылды.
Оның көмегімен тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы ескерту хабарламалары таратылуда.
Әсіресе көпқабатты үйлерде тұратын ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және терезелерге қорғаныс құралдарын орнату қажеттігі ескертілді.
Бұл тәсіл кең аудиторияны қамтып, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
  • Бала терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы бекіткіштер орнатыңыз;
  • Бала сол арқылы терезеге міне алатындай жиһазды жақын қоймаңыз;
  • Арнайы қорғаныссыз москит торларын пайдаланбаңыз;
  • Баланы ешқашан ересектердің қарауынсыз ашық терезелері бар бөлмеде қалдырмаңыз;
  • Балаларға ашық терезенің қауіпті екенін, тіпті тор болса да, оған сүйенуге болмайтынын түсіндіріңіз.
Бөлісу