​Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады

0
85


​Шымкентте әскери қызметшілер «Даңқ» мемориалын тазалады

Шымкент қаласында орналасқан аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және Ұлы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында игі іс-шара өткізді.

Полковник Бахытжан Ашимовтың жетекшілігімен әскери қызметшілер «Абай» саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалын тазалау және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шараға 50-ге жуық әскери қызметші қатысып, бірнеше мың шаршы метрден астам аумақтты қоқыстан тазартылып, мемориал маңайын жуып-сүртті. Жауынгерлер бұл бастаманы Отан үшін от кешкен ардагерлерге тағзым мен құрметтің бір көрінісі ретінде қабылдап, өз еңбектерін ел рухын көтеруге бағытталған іс деп бағалады.
– Ұлы Отан соғысының жауынгерлері біз үшін батырлық пен ерліктің үлгісі. Біз олардың ерлігін ұмытпаймыз, ал бүгінгі тазалық жұмыстары – сол құрметтің шағын белгісі, – деді аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бахытжан Ашимов.
«Таза Қазақстан» акциясы бүкіл ел бойынша өткізілуде және экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, азаматтық белсенділік пен патриоттық тәрбиені нығайтуды көздейді. Бұл бағытта әскери бөлімнің үлесі айрықша, себебі әскери тәртіп пен ұйымшылдық мұндай бастамалардың табысты өтуіне үлкен үлес қосады.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Бөлісу