​ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
54

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінде 19 өнім болса, қазіргі таңда олардың саны 31-ге дейін көбейді.


​ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жасалып тұрады. Кезекті мониторинг Тұран ауданы аумағында өтті.

Мұндағы мақсат – әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының негізсіз қымбаттаудың алдын алу, тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету. Оның барысында тауар бағаларының сақталуы, сауда талаптарының орындалуы және тұтынушылар құқығының қорғалуы назарға алынды.
Айта кету қажет, бұған дейін әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінде 19 өнім болса, қазіргі таңда олардың саны 31-ге дейін көбейді.
Бұл бағыттағы бақылау және түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.
Бөлісу