​ШЫМКЕНТТЕ «ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

0
79

Кездесу барысында спорт саңлағы өзінің жетістікке жету жолы, табандылық пен еңбекқорлықтың маңызы туралы әсерлі ойларымен бөлісті.


​ШЫМКЕНТТЕ «ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шымкент қаласында «Әлем мойындаған қазақ қызы» атты тағылымды іс-шара өтті.

Мерекелік кездесудің басты қонағы – қазақ спортының мақтанышы, көркем гимнастикадан Қазақстанның 10 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының Абсолютті чемпионы, 2004 Summer Olympics және 2008 Summer Olympics қатысушысы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері әрі жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының Гимнастика федерациясы президенті – Юсупова Алия Мақсұтқызы болды.

Іс-шараның басты мақсаты – Алия Мақсұтқызының спорттағы дара жолын жас ұрпаққа үлгі ету, оның архив қорындағы құжаттары арқылы өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау және қазақ әйелінің қоғамдағы рөлін дәріптеу. Кездесу барысында спорт саңлағы өзінің жетістікке жету жолы, табандылық пен еңбекқорлықтың маңызы туралы әсерлі ойларымен бөлісті.
Шымкент қаласының дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған Алия Юсупованың өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін шынайы патриотизмнің, қайсарлық пен кәсібиліктің жарқын үлгісі.
Іс-шараға спорт мектептерінің басшылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, еркін форматта сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кеш мазмұнды әңгімеге, тағылымды естеліктерге және рухани серпіліске толы болды.
«Әлем мойындаған қазақ қызы» атты бұл кездесу – қазақ әйелінің асқақ бейнесін айшықтап, архивтің имиджін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Бөлісу