​ШЫМКЕНТТЕ АБАТТАНДЫРУ МЕН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

0
56

Кездесу барысында қала әкімі кәсіпкерлермен кәсіпорындардың дамуы, өзекті мәселелерді шешу жолдары және алдағы өсу перспективасы жөнінде пікір алмасты.


​ШЫМКЕНТТЕ АБАТТАНДЫРУ МЕН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала аумағындағы бірқатар нысандарды аралап, тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Аралау барысында қала тұрғындарының өтініші негізінде жаңартылған Асар шағынауданындағы қоғамдық кеңістік қаралды. Аталған аумақта кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыру қолға алынған, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Сондай-ақ тұрғындардың жайлы демалуына жағдай жасау мақсатында орындықтар мен сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылып, автоматты суару жүйесі жаңартылды. Жаңғыртылған демалыс аймағы тұрғындардың таза ауада уақыт өткізуіне және бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар қала әкімі Бадам-1 елдімекенінде орналасқан С. Анарметовке тиесілі жеке кәсіпкерліктің өндіріс цехында болды. Кәсіпорында күн сайын шамамен 12 тонна шойын балқытылып, 120–150 дана чугун люк өнімдері шығарылады. Бұдан бөлек, жылына 21 мыңға жуық жалюзи өнімдері өндірілуде.
Ғабит Сыздықбеков сондай-ақ алюминий және ПВХ терезе мен есік конструкцияларын өндіретін «SAYPLAST» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорынның жылдық өндіріс көлемі 15 500 шаршы метрден асады. Бұдан бөлек, ағаш өңдеумен айналысып, баспалдақ, тапчан және есік конструкцияларын шығаратын «ELITAPCHAN & HOOM DOOR» жеке кәсіпкерлігінің де өндірістік әлеуеті зерделенді.
Кездесу барысында қала әкімі кәсіпкерлермен кәсіпорындардың дамуы, өзекті мәселелерді шешу жолдары және алдағы өсу перспективасы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу