Шымкентте 7 жасар қыз балаға азғындық жасады деген күдікті ұсталды

0
59

Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.


Шымкентте 7 жасар қыз балаға азғындық жасады деген күдікті ұсталды

фото: ЖИ көмегімен жасалған

Шымкентте кәмелетке толмаған қызына тиісу жайты туралы әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған құқыққа қарсы әрекетті жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі таңда жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгерлер мен өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Барлық уәждер тексеріліп, жиналған материалдар мен деректер жан-жақты талдануда.
Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.
Полиция ескертеді: кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген құқыққа қарсы әрекет қатаң түрде тоқтатылады. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Бірде-бір құқық бұзушылық жазасыз қалмайды.
Бөлісу