Шымкент қаласындағы зообақ 2025 жылдың 12 айында келушілерді қабылдау жоспарын толығымен орындады.
Жылдық көрсеткіш бойынша, зообаққа барлығы 716 247 адам келіп, жануарлар әлемін тамашалады.
Бұл көрсеткіш қала тұрғындары мен қонақтарының зообаққа деген қызығушылығының жоғары екенін және мәдени демалыс орындарына сұраныстың тұрақты екенін айқындайды.
Зообақ қызметкерлері келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында түрлі іс-шаралар мен жаңа көрме бағдарламаларын ұйымдастыруды жалғастыруда.


