Дөңгелек үстел барысында кітапханашылар сұрақ-жауап және пікір алмасу форматында белсенді диалог құрып, өзара кәсіби білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Заманауи кітапхана: инновациялық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кітапхана саласындағы заманауи үрдістерді кәсіби тұрғыда талқылау және тәжірибе алмасу.
Аталған жиынға Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бас маманы Тұрсынкулова Динара Серікқызы, сондай-ақ қала кітапханаларының басшылары, орынбасарлары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар «Заманауи кітапхана: инновациялық тәжірибе» тақырыбы аясында кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформациялар, ChatGPT және жасанды интеллект мүмкіндіктері жөнінде кәсіби пікір алмасты. Сонымен қатар, әртүрлі елдердегі кітапхана ісінің озық тәжірибелері қарастырылып, толық мәтінді құжаттармен жұмыс істеу, кеңейтілген іздеу жүйелерін тиімді пайдалану, каталогтау үдерісін жетілдіру және зияткерлік іздеу жүйелерін енгізу мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында кітапханашылар сұрақ-жауап және пікір алмасу форматында белсенді диалог құрып, өзара кәсіби білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.


