Зерттеудің мақсаты – әйелдер, балалар және жастардың жағдайын кешенді бағалау, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіруге қажетті нақты деректер жинау.
Шымкент қаласының әкімдігінде ЮНИСЕФ және Ұлттық статистика бюросының өкілдері қатысқан ресми кездесу өтті.
Маңызды шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдері, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Шымкент қаласының статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Дүйсенбаева Сауле, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Есқараев Ерлан, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр, цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мұхит, Шымкент қаласының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Айжан Наимбекова, денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен білім басқармасының өкілдері қатысты.
Жиында Қазақстандағы МИКС зерттеуі туралы ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламаларының жетекшісі Бауыржан Сәбитұлы және «МИКС зерттеуінің Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері және негізгі бағыттары» бойынша Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің жоспарлау, мониторинг және білімді басқару жөніндегі үйлестірушісі Қасымова Үміт баяндама жасады.
Зерттеудің мақсаты – әйелдер, балалар және жастардың жағдайын кешенді бағалау, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік бағдарламаларды жетілдіруге қажетті нақты деректер жинау.
Негізгі нәтижелер бойынша Шымкент қаласы денсаулық сақтау және білім беру саласында елеулі жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, әйелдердің 97,6%-ы жүктілік кезінде 4 реттен артық медициналық бақылаудан өткен; анаға босанғаннан кейінгі бақылау бойынша қала елде 1-орында (97%), балалардың 81,1%-ы негізгі математика дағдыларын меңгерген.
Бұл көрсеткіштер қаладағы әлеуметтік дамудың оң қарқынын айқындайды. Сонымен қатар зерттеу ерте балалық шақтағы даму, вакцинация деңгейі және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша шешуді қажет ететін мәселелерді де көрсетті.