ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ МЕН БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
76

Қала әкімі кеңес қорытындысы бойынша тұрғындарға арендалық және несиелік үй, қолдау бағдарламаларының шарттарын сақтау, пәтерлерді таратудағы ашықтық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ, бюджеттің орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.


ШЫМКЕНТ:  ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ МЕН БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті, онда тұрғын үй саясаты мен қаланың 2025 жылғы бюджетінің орындалуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төлебаев қала тұрғындарын жалға берілетін және несиелік үйлермен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 2020 жылдан 2024 жылға дейін жастарға арналған бағдарлама бойынша 3849 жас азамат пәтер алған. Биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша бұған дейін берілген 890 пәтерді жалға алу мерзімі аяқталады. Қазіргі таңда 582 пәтер коммуналды меншікке қайтарылды. Қалған нысандар бойынша сот рәсімдері жүргізілуде.
Бұған қоса, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында «Отбасы банкі» арқылы 497 азамат несиелік баспанамен қамтамасыз етілді. Жалға берілетін үй кезегінде 90 929 азамат тұр. Биыл 544 пәтерді тарату жоспарланған, дегенмен, өтініш берушілердің құжаттарындағы сәйкессіздіктер түзелгенше келісімшарт жасасу уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, мониторинг жүргізу барысында баспананы жалға алушылардың 65-і тәртіп бұзушылықтарды ескертулерден кейін жойғаны айтылды. Бұған қоса қарызды қайтару жұмысы жалғасуда, нәтижесінде бюджетке 1,22 млрд теңге қаржы түсуіне мүмкіндік берді. Азаматтарды несиелік үймен қамтамасыз ету аясында Бозарық шағынауданында 444 пәтерден тұратын 12 үйге қоныстандыру жұмысы басталды.
Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев қала бюджетінің кірісі 876,4 млрд теңгені құрап, жылдық жоспардың 98,3 пайызын құрағанын атап өтті. Бюджеттің өз кірісі 99 пайызға, ал трансферттік түсімдер 98,3 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін бюджет толықтай орындалады деп жоспарлануда.
Қала әкімі кеңес қорытындысы бойынша тұрғындарға арендалық және несиелік үй, қолдау бағдарламаларының шарттарын сақтау, пәтерлерді таратудағы ашықтық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ, бюджеттің орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бөлісу