ШЫМКЕНТ: Тұрандағы абаттандыру — жүйелі әрі қарқынды іске асуда

0
116


ШЫМКЕНТ: Тұрандағы абаттандыру — жүйелі әрі қарқынды іске асуда

Шымкенттің Тұран ауданында 2025 жылы тұрғындар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында жүздеген инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында баяндады.

Аудан бойынша қазіргі таңда 1 229 көше бар. Соның ішінде 80,4%-ы – асфальтталған. 2025 жылы тағы 126 көше жөнделіп, асфальтталған жол үлесі 96%-ға дейін артады. Сонымен қатар, 21,1 шақырым тротуар мен 20 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары да күн тәртібінде тұр.
Ирригациялық жүйе құрылысы да назардан тыс қалмаған. 2025 жылы Құрсай, Қазығұрт, Самал-1, 112-орам және орталық аумақтағы 22 көшеге 11,2 шақырым ұзындықта арық жүйелері салынады.
Көше жарықтандыру бойынша: 2023 жылы тек 22 көше жарықтандырылса, 2024 жылы бұл сан 681-ге дейін жетіп, көрсеткіш 95%-ды құрады. 2025 жылы қалған 65 көше жарықтандырылып, ауданның барлық көшелері түнде жарық болады.

Абаттандыру бағыты: қазіргі таңда ауданда 383 ойын алаңы мен 99 спорт алаңы бар. 2025 жылы тағы 33 жоба іске асырылып, балаларға арналған ойын және спорт алаңшаларының саны артпақ. Сонымен қатар, үш жерде жаңа гүлзарлар мен демалыс орындары салынады. Көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін жарықтандыру жұмыстары да жалғасып жатыр: биыл олардың саны 48-ге жетеді.

Бөлісу